×

Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды

Академия 2027 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде

Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Тараз қаласында жаңа футбол академиясының құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Бқл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысқан Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті.

– Бүгін – біз үшін тарихи әрі қуанышты күн. Әулие-Ата жерінде жаңа футбол дәуірінің басталуын бірге атап отырмыз. Салынатын бұл нысан – тек ғимарат қана емес, болашақ чемпиондардың ордасы, ел намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғайтын жаңа буын футболшылардың жолын ашатын маңызды қадам. Біздің өңір – қазақ футболының қайнар бұлағы. Осында өсіп, талай жанкүйердің жүрегін жаулаған даңқты спортшылардың есімі біз үшін зор мақтаныш, кейінгі толқынға үлгі. Бүгін капсуланы салтанатты түрде орналастыру – алда күткен үлкен жетістіктердің нышаны. Бұл академиядан ел сенімін арқалайтын дарынды, талапты жас футболшылар өсіп шығатынына кәміл сенеміз. Жаңа академия қазақ футболына тың серпін беріп, бізді жаңа белестерге бастай берсін! – деді Ербол Қарашөкеев.

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория және «Halyk» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов жаңа академияның қазақ футболын дамытудағы рөліне тоқталды.

Сонымен қатар футбол ардагері Георгий Хутиди мен «Тараз» футбол клубының түлегі, белгілі футболшы Нұркен Мәзбаев жобаны іске асыруға атсалысып жүрген азаматтарға өз алғыстарын білдірді.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов те салынғалы жатқан спорттық нысанның маңызы туралы өз ойын білдірді.

“Бұл шара өңірімізде спорт инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Заманауи стандарттарға сай салынатын академия жас спортшыларға кәсіби тұрғыда өсуге, спорттық шеберліктерін арттыруға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Өңірдегі спортты қолдау – біздің басымдықтардың бірі. Жаңа академия аймақтағы футболдың дамуына тың серпін береді”, – – деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Құны шамамен 3,5 млрд теңгені құрайтын футбол академиясында жасөспірімдердің кәсіби өсуі мен дамуына ерекше назар аударылады. Бұл үшін заманауи материалдық база жасақталып, тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді, ал оқу-жаттығу процесінде ғылыми негізделген әдістемелер қолданылмақ.

Жас футболшылардың жайлы өмір сүруі үшін 100 орындық жатақхана салу жоспарланып отыр.

Академия 2027 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, жоба Қазақстан футбол федерациясы, «Halyk» қайырымдылық қоры және Жамбыл облысы әкімдігі арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты аяқталды
Бүгін, 17:26

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты аяқталды

Әлем чемпионатына дүниежүзінің 21 мемлекетінен тоғызқұмалақшылар келді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →