Әлемдік спорт жұлдыздары Көкшетаудағы жаңа спорт кешенінің ашылуына қатысты
World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин мен UFC шебері Шавкат Рахмонов Көкшетауға барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Белгілі спортшылардың фото-видеолары әлеуметтік желілерде жарияланды.
Әлемдік спорт жұлдыздары қалада жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқаны белгілі болды.
«Біздің спорттың аңыздары Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов жаңа спорт кешенінің ашылуына келді», – деп жазылған kokshetautoday парақшасында.
Видеода Головкин мен Рахмоновтың іс-шараға келген сәті көрсетілген. Оларды қазақтың «Шашу» дәстүрімен қарсы алған. Осы сәтте Шавкат Рахмонов жерден кәмпиттерді жинап алып, қалтасына салған сәті видеоға түсіп қалған. Кейін спортшылар бауырсақ пен тәттіден дәм татты.
Әлеуметтік желі қолданушылары екі атақты спортшының кездесуін ерекше ықыласпен қабылдады.
«Ұлт қаһармандары! Браво», «Бір шаршы метрге тым көп жұлдыз жиналыпты», «Сүйікті спортшыларымызды Көкшетауда көру қандай керемет», «Гена мен Шавкат – от», «Біздің чемпиондар», «Қазақстанның мақтанышы», «Шавкат кәмпитті қалтасына салып алды ғой», – деп жазды желі қолданушылары.