×

Жәнібек Әлімханұлының екінші допинг-сынамасы қашан ашылатыны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының екінші допинг-сынамасы қашан ашылатыны белгілі болды
instagram.com/nolimit_aus

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының В допинг-сынамасын ресми түрде ашу қашан өтетінін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Федерация басшысы жанкүйерлердің сауалына жазған жауабында допинг-сынаманы ашу рәсімі 8 қаңтарда өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі пікірлердің бірінде жазған.

Бұған дейін Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы В сынамасын ашу жоспарланып отырғанын хабарлағанымен, нақты күн айтылмаған еді. Көпшілік тарапынан қойылған сұрақтардан кейін Рахымжан Ерденбеков рәсімнің нақты уақытын атады.

Сарапшылардың пікірінше, егер Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атақтарынан айырылатын болса, оның кәсіпқой бокстағы жағдайы күрделене түсуі мүмкін. Мамандар мұндай жағдайда қазақстандық боксшыға лайықты қарсылас табу қазіргіге қарағанда әлдеқайда қиын болатынын атап өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →