×

Елена Рыбакина Майамиде әлемнің үшінші ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Тартысты бәсеке бір сағат 52 минутқа созылды

Елена Рыбакина Майамиде әлемнің үшінші ракеткасын жеңіп, финалға шықты
ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен еді.

Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.

Екінші сетте Д.Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осыған дейін Е.Рыбакина Д.Пегуладан екі рет жеңілсе, соның есесін бүгін қайтарды.

Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Е.Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →