×

Допты хоккейден Қазақстан Американы ойсырата жеңді

Енді Қазақстан хоккейшілері Норвегиямен шеберлік байқасады

Допты хоккейден Қазақстан Американы ойсырата жеңді
Ашық дереккөздерден

Допты хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші матчын ойнады, деп хабарлайды Qaz365/kz тілшісі  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы АҚШ командасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті.

“А дивизионында Қазақстанмен бірге АҚШ-тан бөлек, Финляндия, Норвегия және Швеция ойнайды”, – деп жазды басылым.

31 наурызда Қазақстан хоккейшілері Норвегиямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, А дивизионындағы алғашқы екі команда турнир финалында өнер көрсетеді. Ал үшінші және төртінші орындар алған құрамалар «қола» үшін таласады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →