×

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан шеттетілді

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан шеттетілді
X/ Janibek Alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, спортшыға қатысты допинг ісі бойынша тыңдаулар жүріп жатқан кезеңде Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерге қатыса алмайды.

«Қайта қарау нәтижелері бойынша барлық материалдар тиісті ұйымдарға, соның ішінде World Boxing Organization (WBO), International Boxing Federation (IBF) және өзге де тараптарға жолданады. Олар Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеулерінен айыру немесе айырмау туралы шешім қабылдайды. Ал әзірге, тыңдаулар аяқталғанға дейін, ол жекпе-жектерге қатысудан шеттетілді», – деді Рахымжан Ерденбеков.

Федерация басшысы аталған мәселе бойынша түпкілікті шешім халықаралық бокс ұйымдарының құзыретінде екенін атап өтті. Тыңдаулардың қашан аяқталатыны әзірге нақты айтылған жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →