Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстандық спортшы 1500 метр қашықтықтағы отырып жарысатын ерлер арасындағы спринтте үшінші орынға ие болды. Финалда Ербол Хамитов 2:29,9 нәтиже көрсетіп, Қытай мен Бразилия спортшыларына жол берді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Бұл – Қазақстан құрамасының аталған Паралимпиададағы алғашқы медалі.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтіп жатыр. Дүбірлі додаға әлемнің 56 елінен 600-ден астам спортшы қатысуда.