×

Алматыда ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Алматыда ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті
Фото: Тоғызқұмалақ федерациясы

2026 жылғы 18 наурызда Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі Наурыз мейрамына орай қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жарыс аға буын өкілдері арасында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің кубогы үшін өткізілді. Іс-шараның салтанатты ашылуын Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ҚХА Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.М. Оспанов жүргізді.

Сондай-ақ салтанатты шарада .Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Республикалық Ассамблея Кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» орталығының төрағасы А. Алиев және Қазақстан Республикасы ҚХА мүшесі, Алматы қаласының тоғызқұмалақ федерациясының президенті Қ.Р. Қалиоллаев құттықтау сөз сөйледі.

Турнир Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында (Абай даңғылы, 44) өтті және дәстүр сабақтастығының, ұлттық зияткерлік ойындарды насихаттаудың, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүрудің жарқын үлгісіне айналды. Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін және қазақ халқының мәдени мұрасына деген құрметін көрсетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →