×

Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды

Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор

Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады. Танымал қазақстандық спортшы 2025 жылғы сыйлықтың «Спорт» номинациясы бойынша лауреаты атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Матчтарға қатысуына байланысты Дастан Сәтпаев 2025 жылғы 26 қарашада өткен «Дарын» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын.

«Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт – салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады. Жетістіктеріңіз жастарға үлгі болып, бұл марапат сізді жаңа белестерге жетелей берсін», – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорттағы жоғары жетістіктері үшін талантты жастарға табысталады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Еліміздің 16 қаласында 1500-ден астам спорт нысанын біріктірген ірі фитнес-агрегаторлардың бірі 1Fit платформасы 2026 жылға арналған өнім трансформациясын жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →