×

Головкин мен Әлімханұлының ESPN рейтингісіндегі орны белгілі болды

Әлімханұлы чемпиондығын сәтті қорғағанмен рейтингте көтерілген жоқ

Головкин мен Әлімханұлының ESPN рейтингісіндегі орны белгілі болды
inbusiness.kz

ESPN телеарнасының сайтында барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтингіде орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының орындары өзгерген жоқ.
Үздік «үштік» те өзгеріссіз қалды: тізімде бірінші орында WBC әлем чемпионы Джермалл Чарло есімі тұрса, екінші орында WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Головкин мен Деметриус Андраде орналасқан. Әлімханұлына келсек, ол британдық Дензел Бентлимен жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBO әлем чемпионы атағын сәтті қорғағанымен, тізімде төртінші орында қалды.
ESPN орта салмақтағы толық рейтингі келесідей:
1. Джермалл Чарло (АҚШ)
2. Геннадий Головкин (Қазақстан)
3. Деметриус Андраде (АҚШ)
4. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
5. Риота Мурата (Жапония)
6. Хайме Мунгиа (Мексика)
7. Крис Юбанк кіші (Ұлыбритания)
8. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
9. Эрисланди Лара (Куба)
10. Эскива Фалькао (Бразилия)

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Адиевпен келісімшарт ұзартыла ма – Федерация президенті жауап берді
21.11.2023ж. 21:13

Адиевпен келісімшарт ұзартыла ма – Федерация президенті жауап берді

ҚФФ президенті жаттықтырушы мен федерация арасындағы келісімшарт жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →