×

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат басталды

24 ең мықты спортшыдан Астана қаласының құрама командасы жасақталады

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат басталды

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ASTANA OPEN қалалық ашық чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы додаға Алматы мен Астана қалаларынан өзге 6 өңірден келген 245 спортшы қатысып жатыр,  деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

"Астанада соңғы жылдары шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, хоккей секілді спорт түрлері жақсы дамып келеді. Аталмыш чемпионаттың елордада өтуі, Астаналық спортшылар үшін үлкен нәтиже. Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған қалалық ашық чемпионатқа өзге де қалардан келіп қатысуда. Үш күнге созылатын жарыс қысқа және еркін бағдарлама бойынша өтіп жатыр. Бұл жарыста жұптық бәсеке жоқ. Бүгін "Алау" мұзайдыны сарайында мәнерлеп сырғанаудан "ASTANA OPEN" қалалық ашық чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары анықталды", –  дейді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес өтеді. Балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлердің өнерін арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайды.

Бүгін жарыс аланыңа спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткер ұл-қыздар шығады.

"Бұл жарыста біз ең мықты деген елордалық спортшылар арасынан 24 таңдаулы мәнерлеп сырғанаушыны Астана қаласының құрама командасына қабылдаймыз. Олар алдағы 20-24 қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан ҚР жастар чемпионатында өнер көрсететін болады. Сондықтан республикалық аренада қаламызды лайықты танытатын мықты команданы таңдау біз үшін өте маңызды", – дейді Астана қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира Тұрғанова.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына 24 ең мықты спортшыдан Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді
23.04.2024ж. 00:03

Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

Отандасымыз бұл жолы қызды болды
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті
Ойынға екі команданың жанкүйерлерімен қатар бейтарап көрермен тарапынан да қызығушылық жоғары болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →