Бұл атақты бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов табыстаған
Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бибісара шахматтан «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды. Оған бұл атақты бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов табыстады. Айта кетейік, соңғы 30 жылда еліміз бойынша шахматтан еңбек сіңірген спорт шебері атағын ешкім алмаған», - деп мәлімдеді Лиана Таңжарықова тілші сауалына жауап бере отырып.
Қоса кетсек, Бибісара Асаубаева - Тараз қаласының тумасы.
2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағына лайықты деп танылды.
Сондай-ақ Бибісара 2021 жылы шахматтың рапид түрінен әлем чемпиоантының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған.