×

Ауыл бапкері шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін қайыр сұрап жүр

Ол жыл сайын шәкірттерін жарысқа апару үшін ақша іздей беруден шаршаған

Ауыл бапкері шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін қайыр сұрап жүр
Видеодан кадр

Қостанай облысының Сарыкөл ауданына қарасты Барвинов ауылында бапкер Нұрлан Тайжанов шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін жаңа қадамға барды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Bassport.kz сайтына сәлтеме жасап.

Ол гір тасын көтеруден шәкірт тәрбиелеп, 13 жылдан бері ауыл спортын көтеруге тырысып жүр. Соңғы 6 жылын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне арнаған. Бүгінде Нұрланның қарамағында 30 оқушы жаттығады.

Азия чемпионаты мамырдың алғашқы аптасында өтеді. Бапкер балалардың жол шығынына ақша таппай, қиналып жүр. Себебі балаларын жарысқа жіберетін жол қаражатын ата-аналардың қалтасы көтермейді.

Бапкердің айтуынша, бір баланың барып-қайтуына кемінде 250 мың теңге қажет. Енді ол балаларды жарыстан қалдырмау үшін несие алуды да ойлап жүр.

Астанадағы Қазақстан біріншілігінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алдық. Наурыздың соңында тағы 3 алтын, 1 күміс медальға ие болдық. Оқушыларым аудан, облыс құрамаларына үнемі ілігіп жүр. Сонымен қатар Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына да шақырту алады. Енді Азия чемпионатына бару үшін жол қаражаты қажет, – дейді Нұрлан Тайжанов.

Айтуынша, ол жыл сайын шәкірттерін жарысқа апару үшін ақша іздей беруден шаршаған. Бұған дейін ауыл халқы, меценаттар көмектесіп келіпті. Егер осылай жалғаса берсе, балаларды жаттықтыруға деген ынта-жігер кетіп қалатынын айтады. Барлық ресурсын жұмсап болған Нұрлан Тайжанов осы жолы креативті видео түсіруді қолға алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →