×

Санжар Тәшкенбай Ташкентте өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді

Санжардың келесі қарсыласы – жапониялық Аратаке Казума

Санжар Тәшкенбай Ташкентте өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді
sports.kz

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Жастар арасында әлем чемпионы, 19 жастағы С. Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзінен бір жас үлкен өзбекстандық Шодиоржон Меликузиевпен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының финалында Санжар басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші раундта төрешілердің үшеуі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең соңында Санжар қарсыласын нокдаунға жіберді. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді – 4:1.

С. Тәшкенбайдың келесі қарсыласы – жапониялық Аратаке Казума. Өткен жылы Санжар оны ересектер арасында Азия чемпионатының финалында ұтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
3 рет: Қазақстандық теннисшілер "Билли Джин Кинг" кубогының финалдық кезеңіне өтті
Кеше, 11:54

3 рет: Қазақстандық теннисшілер "Билли Джин Кинг" кубогының финалдық кезеңіне өтті

Турнирдің финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді
Бұл жетістік рекордтар кітабына енген
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті
Қазақстан футбол федерациясында бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →