×

Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Сөйтіп, ол келесі кезеңге өтті

Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді
sports.kz

Өзбеrстан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Қазақтың Ломаченкосы» атанып кеткен, Белградта өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Иштван Сакомен шеберлік байқасты.

Бірінші раундта төрешілердің төртеуі қазақстандық боксшы басым деп тапты. Екінші кезеңде Махмұд қарқынды үдетті – 5:0. Жекпе-жек қорытындысында да төрешілер бірауыздан жеңісті Махмұд Сабырханға берді.

Сөйтіп, ол келесі кезеңге өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →