×

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі
sports.kz

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 9 мамырда, ел құрамасынан бес боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Елорда уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 келі) А рингінде сегізінші жұпта Израиль өкілі Мирослав Капулером-Ищенкомен кездессе, Нұрбек Оралбай (80 келі) Б рингінде он бірінші жекпе-жекте түркиялық Каан Айкутсунмен шаршы алаңға шығады.

Ал, 19:00-де басталатын кешкі сессияда А рингінде қазақстандық үш боксшы сынға түседі. Алғашқы жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) үндістандық Сачин Сивачпен, жетінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) үндістандық тағы бір боксшы Акаш Сангванмен кездеседі.

Сондай-ақ, он екінші жұпта Нұрқанат Райыс (75 келі) бразилиялық Вандерлей Перейрамен шеберлік байқасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды
22.04.2026ж. 16:12

Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды

Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →