×

Бокстан ӘЧ: бес отандасымыз финалға шығу үшін таласады

Алғашқы жекпе-жек 15:00-де болады

Бокстан ӘЧ: бес отандасымыз финалға шығу үшін таласады
Vesti.kz

Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшы жартылай финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандықтардан Астана уақытымен сағат 15.00-де басталатын күндізгі сессияда алғашқы болып Санжар Тәшкенбай шығады.

Санжар аса жеңіл салмақта Ресейдің төрт дүркін чемпионы Эдмонд Худоянмен қолғап түйістіреді.

Іле-шала Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта 2017 жылғы әлем чемпионы әрі екі мәрте жүлдегері, кубалық Йосвани Вейтиямен финалға шығу үшін таласады.

Дулат Бекбауовқа (67 кг) грузиялық Лаша Гурули қарсы тұрмақ.

Сағат 19.00-де басталатын кешкі сессияда ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) үндістандық Нишант Девтен өтуге тырыспақ. Ал Нұрбек Оралбай (80 кг) Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасады.

Жекпе-жектер «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әбиба Әбужақынова қалыңдық атанды
Кеше, 15:28

Әбиба Әбужақынова қалыңдық атанды

Дзюдошы неке сақинасы мен қызыл раушанның гүлшоғын көрсетті
Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →