×

Қазақстандық Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен кездесті

Қазақстандық Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен кездесті.

Ойын америкалық спортшының айқын басымдылығымен өтіп, 6:0, 6:1 есебімен аяқталды.

Бір сағатқа созылған матчта К.Гауфф 6 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Кори Гауфф үшінші айналымда әлемнің 38-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасады. Ол рейтингте 62-сатыдағы америкалық Кэти Макналлиді 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады
06.05.2024ж. 13:34

Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →