×

Әлем чемпионатының финалында 5 қазақстандық жұдырықтасады

Әлем чемпионатының финалында 5 қазақстандық жұдырықтасады

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына бес қазақ боксшысы шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін ел намысын Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай қорғады.
Ұлттық құрамадағы ең жас, әрі ең жеңіл салмақтағы Санжар Тәшкенбай (48 келі) тартысты жекпе-жекте ресейлік Эдмонд Худоянды тізе бүктірді. Ересектер арасында алғаш рет әлем біріншілігінің финалында отандасымыз грузиялық Сахил Алахвердовимен жолығады.

Ұлттық құрама сапынан екінші болып финалға Махмұд Сабырхан жолдама алды. Ол 54 келі салмақтың жартылай финалында 2017 жылғы әлем чемпионы кубалық Йосвани Вейтиадан басым түсті. 
Алтын үшін айқаста Махмұд жарыс қожайыны Ойбек Джураевпен жұдырықтасады.

Осыдан кейін рингке шыққан Дулат Бекбауов күндізгі сессияны көтеріңкі көңіл күйде аяқтады. Орта салмақтағы (67 кг) отандасымыз тағы бір грузиялық былғары қолғап шебері Лаша Гурулидің адымын аштырған жоқ. Оның финалдағы қарсыласы өзбекстандық Асадхужа Муйдинхуджаев.

Кешкі сессияда бас бапкер Мырзағали Айтжановтың тағы 2 шəкірті рингке шықты. Соның алғашқысы ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Нишант Девті ұтты. Енді отандасымыз тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен кім мықтыны анықтайды.

Күннің əдемі нүктесін ауыр салмақтағы Нұрбек Оралбай қойып, қазақ жанкүйерлерін тағы қуантып тастады. Олимпиадасының қола жүлдегері ресейлік Имам Хатаевпен болған жекпе-жекте отандасымыз басым түсті. Енді Нұрбек финалда Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.

Финалдар 13-14 мамырға жоспарланған.
Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →