×

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Санжар Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды
Ашық дереккөздерден

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол 48 келіге дейін салмақтың финалында грузиялық Сахил Аллахвердовиді 5-0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

2021 жылы Белградта осы салмақта тағы бір отандасымыз Теміртас Жүсіпов үздік шыққан еді.

Сонымен қатар 67 келіге дейін салмақтағы Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды. Ол финалда жергілік і өзбек боксшысы Асахуджа Муйдинходжаевқа есе жіберді. 
 
Енді ертең үш қазақ боксшысы ринге шығады. Махмұд Сабырхан (56 келі) жарыс қожайыны Ойбек Джураевпен жұдырықтасады. Асланбек Шымбергенов (71 келі) те Саиджамшид Джафаровпен, Нұрбек Оралбай (80 келі) Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.

Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Кеше, 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →