×

Азия чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлеттер медальдар кестесінде бесінші орын алды

Ел құрамасы бір алтын, бір күміс, үш қола медаль алды

Азия чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлеттер медальдар кестесінде бесінші орын алды
Ашық дереккөздерден

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы медальдар кестесінде бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Құрлықтық додада ел құрамасы бір алтын, бір күміс, үш қола медаль алды.

Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды.

Тағы бір қазақстандық Артем Антропов (109 келі) екінші орынға жайғасты.

Оған қоса Арли Чонтей ( 55 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Андас Самарқанов (109 келі) қола жүлдегер болды.

Қазақстандық спортшылар дәл осындай көрсеткішке қол жеткізген Өзбекстан құрамасымен бесінші орынды өзара бөлісіп тұр.

Көш басында барлығы 14 медаль (9-5-0) алған Қытай тұрса, одан кейінгі орындардағы Тайваньның 5 (2-1-2), Оңтүстік Кореяның 10 (1-5-4), Таиландтың 6 (1-2-3) медалі бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр
Бүгін, 17:55

Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр

Шайдоров спорттық карьерасына Денис Теннің жеңістері әсер еткенін айтқан
Жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты
Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →