×

«Тараз» футбол клубында 610 млн теңге мақсатсыз жұмсалған

Жамбыл облысындағы спорт саласындағы қырықтан астам мекеме-кәсіпорынға аудит тексерісі жүргізілген

«Тараз» футбол клубында 610 млн теңге мақсатсыз жұмсалған
Ашық дереккөздерден

«Тараз» футбол клубында 610 миллион теңге, «Тараз-Арена» мекемесінде 15 миллион теңге мақсатты жұмсалмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды.

“Жамбыл облысындағы спорт саласындағы қырықтан астам мекеме-кәсіпорынға аудит тексерісі жүргізілді. Тексеру барысында 36 мекеменің жұмысы қанағаттанарлық деп танылып, 5 мекемеде қаржының жұмсалуында олқылықтар анықталды. Оның ішінде «Тараз» футбол клубында 610 миллион теңге, «Тараз-Арена» мекемесі бойынша 15 миллион теңге мақсатты жұмсалмағаны анықталды”, – дейді тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденов.

Бұл мәселеге байланысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбаев мекеме басшыларының жауапкершілігі басқарма алқасында қаралғанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →