×

Әлем чемпионы Руслан Абдуллаевты жерлестері «Мен қазақпын» әнімен күтіп алды – ВИДЕО

Руслан Абдуллаев 2002 жылы Ташкент облысы, Қыбырай ауданы, «Қыпшақ» ауылында дүниеге келген

Әлем чемпионы Руслан Абдуллаевты жерлестері «Мен қазақпын» әнімен күтіп алды – ВИДЕО
Коллаж: qaz365.kz

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында 63,5 келіде топ жарған этникалық қазақ Руслан Абдуллаевты жерлестері ерекше күтіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Чемпионды туған-туыстары салтанатты түрде қарсы алды. Ең қызығы, боксшы келгенде Өзбекстанның туы көтерілгенімен, әнші Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» әні ойнап тұрды.
Айта кетейік, 20 жастағы боксшы әлем чемпионатының финалында моңғол Чинзориг Баатарсухпен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.
Руслан Абдуллаев 2002 жылы Ташкент облысы, Қыбырай ауданы, «Қыпшақ» ауылында дүниеге келген. Ол былтыр Оманда өткен Азия чемпионатында да жеңіске жеткен болатын. 2020 жылы Қазақстанда да жұдырықтасқан. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанған. Кейіннен Өзбекстанға оралып, 2021 жылы Өзбекстан чемпионы атанды. Сол біріншілікте үздік боксшыға берілетін «Руфат Рискиев кубогын» да иеленді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды
Кеше, 22:11

«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →