×

Ташкентте чемпион атанған боксшы еліне бармай жарты жолдан қашып кетті

Ол 200 мың доллар сыйақы алған болатын

Ташкентте чемпион атанған боксшы еліне бармай жарты жолдан қашып кетті
Ашық дереккөздерден

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында 75 келіде топ жарған 25 жастағы Куба боксшысы Йоэнлис Эрнандеске үйіне барудан бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

16 мамыр күні Кубаға қайтар жолда Панамада ұшақты ауыстыру үшін аялдаған құрамадан Йоэнлис Эрнандес кенеттен қашып кетті. 

Бұл боксшы Ташкенттегі біріншілікте Куба атынан чемпион атанған жалғыз боксшы еді. Нәтижесінде ол 200 мың доллар сыйақы алған болатын. 

Бұл Куба құрамасында болған алғашқы оқиға емес. 2022 жылы 63,5 келіде Токио Олимпиадасының чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионы Энди Крус та елінен қашуға әрекеттеніп, сәтсіз аяқталған болатын. 

Ал 2018 жылы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Хоанис Архилагос Мексикада жаттығу барысында АҚШ-қа қашқан еді. Ол кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, 9-ында жеңіске жеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елдос Сметов пен Нариман Құрбанов референдумда өз таңдауын жасады
06.10.2024ж. 13:42

Елдос Сметов пен Нариман Құрбанов референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдум – барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға
Жәнібекң Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады
Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →