×

Қазақ боксындағы сұлу қыздардың жекпе-жегінің арты дауға ұласты

Боксшы әйелдер құрамасының бас бапкері Шамиль Сафиуллинді кінәлаған

Қазақ боксындағы сұлу қыздардың жекпе-жегінің арты дауға ұласты
Коллаж: qaz365.kz

Петропавлда әйелдер боксынан спартакиада өтіп жатыр. Жеңгендері Қытайда өтетін жазғы Азия ойындарына қатысады. Егер лицензия алса, келесі жылы Париждегі Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды. Бүгін 54 келідегі Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыман арасындағы жекпе-жектің соңы дауға ұласты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл салмақта жалпы 9 боксшы тіркелген. Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыман әуесқой мен кәсіпқой боксты қатар алып жүрген қыздар. Бұл кездесуде төрешілер жеңісті Балаусаға берген. Оған Лукас келіспей, дау шығарды. Әлеуметтік желіде бірнеше жазба жариялап, өзің жеңіске жеткенін дәлелдеуге тырысып жатыр.

Боксшы әйелдер құрамасының бас бапкері Шамиль Сафиуллинді кінәлаған. Өйткені дәл осы салмақта оның жеке шәкірті, әлем чемпионатының жүлдегері Жайна Шекербек өнер көрсетеді. Жайнамен кездестірмес үшін Балаусаға жеңілдіре салды деп санайды.

Ал Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов болса, Ангелина Лукас ешқашан жеңілгенін мойындамайды деп отыр.

«Ангелинаны білеміз. Жеңілсе де, ешқашан жеңілдім деп мойындамайды. Сондықтан халықаралық дәрежедегі төрешілер бекітілді. Бас бапкер, бас төреші бәріміз бірге рингке жақын отырдық. Жіті қадағаладық. Бірінші раундта төрешілер 1:4 есебімен жеңісті Балаусаға берді. Лукас екінші раундта кездесу қарқынын өзгертуге тырысты. Бірақ үш соққы жасап, өзіне он соққы алып жатты. Жалпы есепте төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Мұздиманға әділетті түрде берді. Мұны команданың бас бапкері де растайды», – деді Азиз Қожамбетов.

Ол Лукас кезінде Назым Қызайбаймен қырылып, жолын байлады. Енді салмағын ауыстырып, тағы дау шығарып жатыр. Үнемі осылай деп отыр.

«Желіге өзі орнатып қойған камерадағы жазбаларды жариялап жатыр отыр. Әлгі камера тек бір ракурстан түсірген. Ал YouTube- тегі көрсетілім арқылы жекпе-жекті объективті бағалауға болады. Сол арқылы қарасаңыз да, Ангелинаның еш айласыз жеңілгенін байқайсыз. Үнемі бірдеңені былықтырып жүреді. Ол былтыр Түркиядағы әлем чемпионатына босқындардың атынан қатысты», – дейді вице-президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →