×

«Ролан Гарростың» жеңімпазы Рыбакинаны балағаттады

«Мастерс» турнирінің жартылай финалындағы матч барысында қарсыласына бейәдеп сөздер айтқан

«Ролан Гарростың» жеңімпазы Рыбакинаны балағаттады
Reuters

Табиғатынан сабырлы отандық теннисші Елена Рыбакинаны 2017 жылғы «Ролан Гарростың» жеңімпазы, латвиялық Елена Остапенко балағаттаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Елена Рыбакинаның тәлімгері Стефан Вуков айтты. Римде өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында екі теннисші өзара кездескен. Бұл кездесуде Рыбакина жеңіске жетті.
Стефан Вуковтың айтуынша, Латвия теннисшісі Рим корттарындағы «Мастерс» турнирінің жартылай финалындағы матч барысында қарсыласына бейәдеп сөздер айтқан.

«Остапенко «қанш.., алдымда қанш..тың өзі тұр» деп айтты. Елена теріс қарап тұрғанда, менің бетіме қарап айтты», – дейді жаттықтырушы.

Табиғатынан сабырлы Елена Рыбакина бұл жағдайға назар аудармай, өз ойынына барынша ден қойды. Остапенко мұндай балағат сөздерін екінші сетте, содан кейін ойыншылардың қол алысуы кезінде де қайталаған.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші жартылай финалда латвиялықты 6:2, 6:4 есебімен жеңсе, финалда украиналық Ангелина Калининадан басым түсті. Сөйтіп, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Кеше, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →