Қазақстандық спортшылар қоғамға үлгі болуы керек
Астанада өткен іс-шаралардың бірінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов бокстан әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке қатысты елордалық СОО-ның бірінде болған жанжалға түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Бізде бекітілген спорт әдебі деген бар. Бұл бағытта спортшылармен, жаттықтырушылармен және ұлттық құрама мүшелерімен тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп отырады. Сондай-ақ біз идеологиялық жұмыстарды да жүргіземіз. Біз Бейбіт Шүменовке қатысты ақпараттан қанықпыз. Бұл мәселе құқықтық деңгейде шешіліп жатыр. Әрине, мұндай әрекеттерді еш қолдамаймыз, - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар қоғамға үлгі болуы керек.