×

Бейбіт Шүменов жанжалға атақты боксшының інісінің қатысы бар екенін айтты

Бейбіт Шүменов жанжалдасқан адам Қырғызстан азаматы екенін айтып отыр

Бейбіт Шүменов жанжалға атақты боксшының інісінің қатысы бар екенін айтты

Қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов Астанадағы ойын-сауық орталығында болған жанжалға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

39 жастағы Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында әйелі мен ұлын АҚШ-тан алып келгенін айтқан. 

«Ол екеуі де АҚШ азаматы. Сондықтан елге келіп, туған жерді көрсетпек болған едім. Біз в Mega Silkway сауда орталығына бардық. Балам Happylon-да ойнағанды жақсы көреді. Сосын екінші қабаттағы мейрамханаға көтеріліп, тамақ ішіп алмақ болдық. Әрбір мейрамханада ойын алаңы бар. Әйелім екеуіміз тамаққа тапсырыс бердік. Балам ойнауға кетті. Арада шамалы уақыт өткенде ұлым ұрғанын айтып, жетіп келді. Бір бала оның арқасынан ұрып, аяғынан сүйрей бастаған», -дейді Бейбіт Шүменов.

Баласы қатты қорқып қалыпты. Америкада ондай жоқ екен. 


«Ұлым сегіз жаста. Екеуіміз дос секілдіміз. Үйде тіпті дауыс көтермейміз. Солай тәрбиелеп жатырмыз. Біреу итергенде қорқып қалғаны да сол себептен. Арада шамалы уақыт өткенде ол бала тағы келіп, басынан ұрмақшы болды. Ұлым қашуға тырысты. Кейін балам өзін ұрғанды басқа ер адам алып кеткенін айтты», - дейді боксшы.

Сосын Шүменов ер адамға барып, «Ұлымды сенің балаң ұрды ма?» деп сұрапты. «Иә, не істей аласың?» деген. Жанжал осы жерден басталған. 


«Қолына дастарханда тұрғанда ас ішетін құралдың бірін алып, ұрмақшы болды. Бірақ кейін пышақ емес екенін түсініп, баланы жіберіп, екінші қолына пышақты ұстады. Менің орнымда басқа қарапайым біреу болғанда, денсаулығына зиян келер еді», - дейді ол. 

Бейбіт Шүменов жанжалдасқан адам Қырғызстан азаматы екенін айтып отыр. Ол тіпті баланың әкесі де емес екен. Тек сол сәтте баланы пайдаланбақшы болған. Шүменов бұл істе бокстан  КСРО чемпионы, Қаз КСР және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, былтыр қыста қайтыс болған Болат Теміровтің інісі Ғанидың қатысы бар екенін де айтып қалды.

Кеше Бейбіт Шүменовтің қолында баласы бар ер адамды ұрғаны туралы видео тарады. Оқиға Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған. Кейін балалы ер адамды ұрып-соққан боксшы Бейбіт Шүменов болып шыққанын Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев растады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →