×

Уимблдон: Елена Рыбакина жартылай финал жолдамасы үшін сынға түседі

Ол тунистік Онс Жабермен сынға түседі

Уимблдон: Елена Рыбакина жартылай финал жолдамасы үшін сынға түседі
ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Лондонда Уимблдон турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші жартылай финал жолдамасы үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен сынға түседі.

Бұл олардың өзара бесінші ойыны болмақ.

Осыған дейін теннисшілер төрт рет кездескен. 2019 жылы Ухань турнирінің екінші айналымында Е.Рыбакина 6:1, 6:7 (3:7), 6:2 есебімен ұтты. Ал 2021 жылы Дубайда О.Жабер 7:6 (8:6), 4:6, 6:2, АҚШ-та Чикагода жартылай финалда 6:4, 3:2 (Е.Рыбакина бәсекені жалғастырудан бас тартқан) есебімен жеңді.

Өткен жылы Уимблдон финалында Елена Рыбакина 3:6, 6:2, 6:2 есебімен тунистік теннисшіні қапы қалдырып, қазақстандық теннисшілерден алғаш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» жарысының чемпионы атанғаны белгілі.

Биыл О.Жабер соның есесін қайтаруға бар шеберлігін салатынын мәлімдеп үлгерді.

Матч Астана уақытымен сағат 18.30-да басталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ел балуандары Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Кеше, 14:55

Ел балуандары Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Азия чемпионатында жалпы саны 38 медаль жеңіп алған
Жануарды арнайы жабдықтарды пайдалана отырып құтқарып қалған
Оған ұлттық құрама мен Қазақстандағы футбол туралы айтқан өткір сөзінен соң әлдекімдер қоңырау шалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →