×

Олимпиада жүлдегері Шынәлиевті екі бөлмелі пәтердің орнына 1,5 млн теңге беріп алдаған

Бәрі көзбояушылық болды

Олимпиада жүлдегері Шынәлиевті екі бөлмелі пәтердің орнына 1,5 млн теңге беріп алдаған
Ашық дереккөздерден

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиевке жұрт көзінше табысталған пәтер кейін берілмей қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

- 2008 жылы Олимпиададан кейін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Екі бөлмелі пәтердің кілтін берді. Телеарналарды шақырды. Сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысының «Жыл спортшысы» атандым. Бірақ бәрі көзбояушылық болды. Тіпті, үйге дейін апарып көрсеткен. Қазір сантехникалық жұмыстар жүріп жатыр деп айтты. «Нұрсат» мөлтек ауданы сол тұста салынып жатқан. Пәтерің осында болады деді. Екі-үш айдан кейін пәтердің орнына 1,5 миллион теңге бере салды. Ол тұста бір бөлмелі пәтердің құны 7-8 миллион теңге тұратын, - деді Еркебұлан Шынәлиев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында. 

Оның айтуынша, бірнеше жыл пәтер жалдаған.
Еске салып өтейік, Еркебұлан Шынәлиев бокстан 2007 жылғы Чикагода өткен әлем чемпионаты мен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Боксшы 81 келіге дейін салмақта бақ сынаған. 
Ол тұста Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшім болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →