×

Түркістан қалалық орталық ауруханасында күрделі қалпына келтіру және пластикалық бірегей ота түрлері орындалуда

Қазіргі уақытта ауруханада 26-дан астам құрылымдық бөлімше бар

Түркістан қалалық орталық ауруханасында күрделі қалпына келтіру және пластикалық бірегей ота түрлері орындалуда

Денсаулық сақтау саласы мемлекетіміздің саясатында стратегиялық басымдықтарға ие екені белгілі. Облыс орталығында орналасқан Түркістан қалалық орталық ауруханасы бүгінде облыс бойынша медициналық қызметтер нарығында жоғары деңгейдегі ірі емдеу мекемелерінің бірі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта ауруханада 26-дан астам құрылымдық бөлімше бар. Оның ішінде, 15 – клиникалық және 9 – параклиникалық. Орталықта халыққа хирургия, ангиохирургия, гинекология, урология, офтальмология, травматология, нейрохирургия, интервенциялық кардиология, оториноларингология, жақ-бет хирургиясы, терапия, нефрология, эндокринология, пульмонология, кардиология, неврология, ревматология бейіндері бойынша мамандандырылған шұғыл-жоспарлы стационарлық және консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетіледі.

Ауруханада білімі мен біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол кәсіби ұжым жұмыс істеп, өңіріміздегі медицина саласының үздіксіз дамуына, заманауи жоғары технологиялық деңгейге шығуына үлес қосып келеді. Оның бір дәлелі – еліміздің жетекші жақ-бет хирургі Қанағат Қожамжаров осы мекемеде қызмет атқарады. Ол туа біткен ерін, таңдай жырығы және альвеолярлық өскіні (альвеолярный отросток) бар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көз, мұрын және жоғарғы жақ сүйектерінің ауыр жарақаттарымен түскен пациенттерге күрделі қалпына келтіру және пластикалық бірегей ота түрлерін орындауда. Атап айтқанда, хейлопластика, реконструктивті хейлоринопластика, уранопластика, палатопластика, анкилопластика, альвеопластика, френулопластика, остеосинтез.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен жырықтары бар балалардың туу жиілігі артып келе жатқандығы өзекті мәселелердің біріне айналғаны жасырын емес. Себебі, бұл – барлық туа біткен ақауларының шамамен 13%-ын құрайды және соңғы жылдары мұндай пациенттердің саны 2 есе өскен. Мәселен, 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге  дейін Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының және Шымкент қаласының бүлдіршіндеріне 700-ден аса жоспарлы және 50-ден аса шұғыл ота түрлері сәтті өткізілді.

Ауруханада тәжірибелі және талантты жас мамандар қатары толтыруда. Мұнда инновациялық жоғары технологиялық оталар қолданысқа сәтті енгізілген. Түркістан қалалық орталық ауруханасының басшысы Б.Берденов қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмайтынын тілге тиек етіп, халыққа жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша маңызды жұмыстар жоспарланғанын және аурухана дамуына бағытталған жаңа нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізу бағытында күш салынып жатқанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәжікстанда хиджап киюге тыйым салынды
Бүгін, 10:14

Тәжікстанда хиджап киюге тыйым салынды

Ел мәдениетіне жат киім ретінде танылған
Елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру шаралары жүргізіліп келеді
Алғашқы отада жасы 60-тан асқан тұрғынның ауруы асқынып кеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →