×

Түркістандағы ауруханада 50 күн жатқан баланың жүрегіне күрделі ота жасалды

Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, шұғыл түрде консилиум өткізілді

Түркістандағы ауруханада 50 күн жатқан баланың жүрегіне күрделі ота жасалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам аудандық ауруханасынан санавиация желісі бойынша ауыр халде 11 жастағы ұл бала жеткізілген. Анасының айтуынша, бала тумасынан жүрек ахауына шалдыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қабылдау кезінде баланың жүрек ырғағының баяулап, тыныс алуының бұзылуына байланысты жағдайының өте ауыр екені байқалды. Бала жүрек жетіспеушілігі, өкпе қысымының жоғары симптомдарымен келіп түсті, жүрек соғу жиілігі минутына 90-ға жетті. Жүрегінде ахауы бар науқас баланы дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл түрде емдеу жұмыстарын жүргізген.

Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, шұғыл түрде бас дәрігердің орынбасары Алмат Байсалов, кардиохирургтар, кардиолог, кардиореаниматолог мамандардың қатысуымен консилиум өткізілді. Науқас баланың жағдайын тұрақтандыру үшін дәрігерлер жансақтау бөлімінде бақылап, қажетті емдеу шараларын жүргізген. Жағдайы тұрақтанған пациентттің жүрегіне дәрігерлер ашық ота жасап, қарынша аралық тесік (ДМЖП) жабылды. Күрделі операция кезінде хирургтар жасанды қан айналым аппаратын қолдана отырып, науқас балалның жүрегін уақытша тоқтатып қойған. Төрт сағатқа жуық созылған операция сәтті өтті дейді дәрігерлер.

Жалпы бала стационарда 50 күн болды. Соның ішінде жансақтау бөлімінде 30 күн болды. Нәтижесінде тұрақты күйдегі кішкентай науқас, тұрғылықты жері бойынша кардиологтың бақылауымен үйге шығарылды. Бүгінде баланың жағдайы жақсарды. Ата-анасының ақ халаттыларға алғысы шексіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құрбандық шалғанда оқылатын дұға
14.06.2024ж. 22:58

Құрбандық шалғанда оқылатын дұға

Негізінде, ғибадатта ниет ету – өте маңызды
Қазір базарда құрбандық шалу үшін мал іздеп жүрген халықтың қарасы қалың
Сондай-ақ ол Жоғарғы Кеңестің және Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →