×

Бейбіт Шүменов ұрғаны рас: Министрлік тергеу басталғанын мәлім етті

Қылмыс құрамын таппаған учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр

Бейбіт Шүменов ұрғаны рас: Министрлік тергеу басталғанын мәлім етті
AP Photo / Eric Gay /

Астана сауда орталығындағы балалы ер адамды ұрып-соққан боксшы Бейбіт Шүменов болып шықты. Мұны ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Иә, растаймыз. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз. Бұзақылық бойынша іс қозғалды. Ол жерде қылмыс ауырлығы шамалы, сараптаманы күтіп отырмыз», – деді ол Үкімет кулуарында.

Ал осы істі қарап, қылмыс құрамын таппаған учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

«Қызметтік тексеріс басталды, ол қатаң жазаланады. Күні кеше министр осы мәселені көтерді, ол жазаланады», – деп сендірді Сүнтаев.

Ол  төбелес кезінде ер адамның қолындағы баланың зардап шекпегеніне сендірді.

Айта кетейік, Бейбіт Шуменов – бірнеше жыл кәсіпқой бокста жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы. 

Кеше Бейбіт Шүменовтің қолында баласы бар ер адамды ұрғаны туралы видео тарады. Оқиға Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған.

Жәбірленушінің адвокаты да өз видеосын жариялады. Оның айтуынша, 18 маусымнан бері тәртіп сақшылары да, прокурорлар да ешқандай шара қолданбаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
Бүгін, 19:08

Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады
Жаппай төбелеске қатысқандардың көбісі кәмелетке толмаған
Олар іргелес мемлекеттерге  10-нан астам вагон-цистерна жөнелтпек болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →