Алан Құрманғалиев аралас сында мысырлық Хана Годамен бірге жеңімпаз атанды
Тунисте жасөспірімдер арасында үстел теннисінен әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев аралас сында мысырлық Хана Годамен бірге жеңімпаз атанды, деп хабарлайды, qaz365.kz
Қазақстан үстел теннисі федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық-мысырлық жұп финалда португалиялық Тьяго Абиодана – испаниялық Мария Берзосадан басым түсті.
"Бұл – тарихи жетістік! Алан Құрманғалиев әлем чемпионы атанды. Бұл – қажырлы еңбек пен спортшының өз ісіне берілгенінің жемісі. Алан жыл бойы үзбей жаттығып, шеберлігін жетілдіре отырып, халықаралық жарыстарда 19 медальға қол жеткізді. Бүгін Қазақстан үстел теннисі тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұл спорт түрінен еліміз жаңа халықаралық деңгейге көтерілді. Бұл бәріміз үшін аса маңызды. Чемпионды тәрбиелеген бапкер Эльмира Алиеваға алғысымды білдіремін. Алан мен барлық жанкүйерлерді құттықтаймын. Біз спортшымызбен мақтанамыз!", – деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин.
Эльмира Алиева – Қазақстан үстел теннисі құрамасының бас бапкері әрі Аланның жеке жаттықтырушысы. Ол Аланды жеті жасынан бері жаттықтырып келеді.