×

«Астана» бапкері Бабаян: Командалық рухтың арқасында жеңіске жеттік

«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті

«Астана» бапкері Бабаян: Командалық рухтың арқасында жеңіске жеттік

«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Қарсылас Грузияның «Динамо» Тбилиси клубы болған. Бас бапкер Григорий Бабаян командалық рухтың арқасында жеңісті жұлып алдық деп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елордадағы алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталды. Одан Грузия астанасындағы Борис Пайчадзе атындағы стадиондағы ойынның бірінші таймында жеңіліп жатқан. Бұл тұста елордалықтардың келесі кезеңге өтетіне ешкім сене қоймады. Бірақ екінші таймда 83 секунд матч тағдырын шешті. Алдымен, сол қапталдан Алекса Амановичтің асырған пасын капитан Абзал Бейсебеков голға айналдырды. Бірден екінші гол да кірді. Тағы да сол қаптал белсенді. Сол Амановичтен доп алған шабуылшы Дембо Дарбо жеке шеберлігінің арқасында есепті 2:1-ге жеткізді.

Бұдан кейін екі команда қанша тырысқанымен, таблодағы көрсеткішке өзгеріс енгізе алмады. Енді Григорий Бабаян шәкірттері Хорватияға барады. Бір «Динамоны» өткенімен, екіншісі, яғни Загребтің «Динамосы» күтіп тұр.

«Алғашқы 20 минутта позициялық шабуылдар ұйымдастырылды. Бірақ қақпамызға кірген гол жүйкеге әсер етті. Дегенмен, екінші таймда жылдам екі доп соғып, жолымыз болды. Қарсылас ұтылып жатқанда шабуылды үдетті. Өз айып алаңымызда қорғануға тура келді. Ең бастысы – жеңіске жеттік. «Астана» жанкүйерлерін құттықтаймын!Негізі гол жіберіп алғанша жақсы ойнадық. Алайда одан кейін доптан жиі айырла бастадық. Ал екінші таймда қайта жинала бастадық.Біз бірінші кезекте командалық рухтың арқасында жеңісті жұлып алдық. Екінші таймда тактикалық өзгерістер болды. Оның да әсері бар. Үзілістен соң, допқа көбірек иелік етуіміз – жетістіктің бір кілті десем, қателеспейтін шығармын», – дейді «Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян.

Ол енді ертеңнен бастап, келесі матчқа дайындаламыз. Қазір бізге футболшылардың қайта қалыпқа келуі маңызды деп айтты.

« Ұзақ жол күтіп тұр. «Динамо» Загребпен кездесуге жаңа ойыншы қоспаймыз. Қолда бар футболшылармен ойнаймыз», – дейді бас бапкер.

«Динамо» Тбилиси (Грузия) – «Астана» – 1:2 (жалпы есеп – 2:3)

Голдар: Усман Камара, 22 (1:0). Абзал Бейсебеков, 50 (1:1). Дембо Дарбо, 51 (1:2).

«Динамо» Тбилиси: Георгий Лория (Қ), Александр Каландадзе, Джемал Табидзе, Гаги Маргвелашвили (Саба Хвадагиани, 57), Николоз Мали (Георгий Майсурадзе 57), Барнс Осей (Габриэль Сигуа, 57), Анзор Меквабишвили, Имран Улад Омар, Георгий Хараишвили (Георгий Мойсцрапишвили, 73), Усман Камара, Давид Схиртладзе (К) (Зоран Марушич, 77);

«Астана»: Йосип Чондрич  (Қ), Ян Вороговский (Эльхан Астанов, 86), Александр Марочкин, Жарко Томашевич, Алекса Аманович, Абзал Бейсебеков (К) (Степан Лончар, 65), Макс Эбонг, Душан Йованчич (Камо Оганесян, 46), Фабиен Урега (Тимур Досмагамбетов 76), Марин Томасов, Дембо Дарбо (Абат Айымбетов 86);

Рефери: Стюарт Эттуэлл;

Тбилиси, Грузия, Борис Пайчадзе атындағы «Динамо-Арена» стадионы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →