×

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

Бәсекеге барлығы құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Ашық дереккөздерден

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионатының екінші жарыс күні 6 қазақстандық татами шебері тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) пен Қайсар Алпысбай (60 келі) əнұранымызды шырқатты. Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) мен Гүлмира Үсенова (55 келі) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Данияр Юлдашев (84 келі) пен Абылай Төлтай (84 келіден жоғары) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.

Қазір Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келе жатыр. Одан кейін Иран мен Йордания тұр. Азия чемпионаты ертең мəресіне жетеді.

Биылғы бәсекеге барлығы құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →