×

Ресейдің 16 жастағы спортшысы Қазақстан азаматтығын алады

Спортшы азаматтығын өз еркімен ауыстырды

Ресейдің 16 жастағы спортшысы Қазақстан азаматтығын алады
РИА Новости

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкина Қазақстан азаматтығын алады, деп хабарлайды Qaz365.kz .
Көрші елдің ақпарат құралдарының жазуынша, спортшының туыстарының бірі Қазақстанда дүниеге келген. Сондықтан азаматтық алу жеңілірек. 
16 жастағы спортшы егер азаматтық алса, 2024 жылдың мамыр айынан бастап, ел намысын қорғай алады. 

Грант-2023: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі дайын

Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Ресей Гран-приінің жеңімпазы. Жасөспірімдер расында Ресей кубогының иегері. Ол Мәскеудегі Армияшылар клубында жаттығады. 
Осыған қатысты «Қазақстан конькишілер одағы» түсінік берді. 

 «Біздің одақ ресейлік мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкинаға Қазақстан құрамасында өнер көрсету жөнінде өтініш жасаған жоқ. Спортшы азаматтығын өз еркімен ауыстырды. Жалпы, Қазақстан азаматтығын беру мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады. Егер азаматтық берілген жағдайда жеке тұлғаның тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар. Спортшы ұлттық құрамда өнер көрсетуге өтінім беруге құқылы», - делінген жауапта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық боксшы Бразилиядағы Әлем кубогында қола жүлде жеңіп алды
04.04.2025ж. 17:55

Қазақстандық боксшы Бразилиядағы Әлем кубогында қола жүлде жеңіп алды

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті
Қазақстан футбол федерациясында бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылған
Елордадағы "Барыс Аренада" болатын бокс кеші
Ол оған дейін Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →