×

Ресейден топырлаған спортшы ғана емес, менеджерлер де келе бастады

Ресейдің 10 спортшысы Қазақстан азаматтығын алған

Ресейден топырлаған спортшы ғана емес, менеджерлер де келе бастады

Ресей Украинаға басып кірген соң, экономикалық санкциялар ғана емес, спортына да шектеу қойылды. Халықаралық жарыстардан шеттетілді. Амалы таусылған спортшылары осы күні өзге елдерді жағалап, азаматтық алып жатыр. 2022 жылдан бері Ресейден 204 спортшы кеткен. Оның ішінде Қазақстанға келіп жатқандары да бар. Тіпті, көрші елдің спортшылары ғана емес, менеджерлері де Қазақстанға жағалай бастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қарап отырсақ, ресми түрде Ресейдің 10 спортшысы Қазақстан азаматтығын алған. Жақында 16 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның Қазақстан намысын қорғайтыны белгілі болды.Біз тек жекелеген спорт түрлерінен Қазақстан азаматтығын алғандардың санын айтып отырмыз. Әйтпесе, футбол мен хоккей, баскетбол, волейболда легионер ретінде ойнап жүргендері қаншама.

Тек спортшылар ғана емес, осы күні Ресейден менеджерлер де келе бастаған. Мысалы, қазір «Ақтөбе» клубының директоры Сергей Куленкоға хейт жүріп жатыр. Оған себеп те жоқ емес.

Негізі Сергей Куленко Ақтөбе облысының солтүстігіндегі Мартөк ауданында дүниге келген. Туған жерінде алғаш футбол ойнаған. Кейін 2000 жылдары Ресейдің Тула қаласына кетіп, сонда өнер көрсеткен. Сосын Ресейдің азаматтығын алып алған. Кейінгі жылдары Мәскеуде студенттер спортын басқарып жүрген. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов маусым айында оны клуб директорлығына қойды.

Куленконың «Ақтөбе» жанкүйерлерінің ашуына тиген алғашқы әрекеті – еурокубок ойындарының алдында болды. «Ақтөбе» араға бірнеше жыл салып, халықаралық додаға қатысып жатыр. Бірінші қарсылас Грузияның «Торпедо» клубы болатын. Кутаиси қаласына баратын чартерлік рейсті Куленко мырза өзіңе таныс Тула қаласынан жалдапты. «ЮВТ Аэро» әуекомпаниясының ұшағы Еуропа одағында санкцияға ұшыраған. Грузиялықтар ондай ұшақты қабылдаудан бас тартты. Сөйтіп, аяқ астынан басқа ұшақ жалдап, матчқа санаулы сағаттар қалғанда әзер ұшады.

Бұдан бөлек, Куленко Тула қаласының тумасы Роман Изотов деген футболшыны алдырды. Журналист Владимира Жарковтың мәліметінше, футболшы айына 6-8 мың еуро аралығында жалақы алады екен. Ал Ресейде ол 150 мың рубль жалақы қанағат тұтып жүрген (1500 еуро).

«Ақтөбе» жанкүйерлері стадионға барып, өз қарсылықтарын білдіріп жатыр. Грузия командасымен кездесулер де «Куленко out» деген баннерлер болды. Одан кейін «Қайратпен» матчта жанкүйерлер протест жасап, стадионнан шығып кетті.

Изотовтан бөлек, Белраусь елінен бір жылдан бері доп теппеген Дмитрий Бессмертный деген футболшыны да қатарға қосты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Сергей Куленконың ай сайын алатын жалақысы 2,5 миллион теңге. Егер келісімшарт бұзылса, бір жылдағы жалақысын өтемақы ретінде беру керек. Бұл деген 30 миллион теңге.

Ақтөбемен көршілес облыс Қостанайда да «Тобыл» клубына ресейлік менеджерді шақырған. Кезінде «Манчестер Юнайтед» командасында жарқыраған ресейлік футболшы Андрей Канчельскис менеджер ретінде отанында ештеңе бітірмеген. Соны Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов клуб директоры етіп тағайындады.

Үшінші адам – Рохус Шох. Ол да Ресей азаматы. Қазір Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті. Бұған дейін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы болған. Федерация президенті Әділет Барменқұловтың айтқанын тыңдамай, өзіңше шешім шығара бастағанда алғашқы жұмыснан айырылды.

Бірақ Шох Ресейден келген бизнесмен Тиму Турловтың тілін жақсы тауыпты. QJ League деген чемпионат өткізді. Қаржыны Турлов берсе, басқарған Шох болды.

«Жалпы соңғы уақытта Қазақстандағы спорт саласына Ресейлік жұмсақ күштер ене бастады. Жақында ғана жасөспірімдер футбол лигасы QJ League Freedom құрылған болатын. Басшысы Ресейлік Рохус Шох. 2022-2023  жылдары Қазақстан кәсіби футбол лигасын басқарған. Ол адамның да қазақ футболына жаны ашитынына күмәнім бар. 1988-ден 2017-ге дейін Ресейде бапкер болған. Біздің футболды түсінбесе де керек. Бірақ министр Асхат Ораловпен кездесіп жүр. Олардың келесі қадамы қалай болмақ? Біздің басшылардың не ойы бар? Ойлаудың өзі қорқынышты. Ресейлік бизнесмендер Ресейлік басшыларды тартып жатыр», - дейді блогер Сәбит Рысбаев.

Тағы бір блогер Ілияс Мыңжасаров та бұған түсінбейтінін айтыпты. Спорттан бөлек, медиаменеджер Арман Дәулетияров та Қазақстанға келіп алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тіліне қарсы дауыс берген: Абай және Шығыс Қазақстан облысы футбол федерацияларының өкілдері сынға қалды
Кеше, 14:37

Қазақ тіліне қарсы дауыс берген: Абай және Шығыс Қазақстан облысы футбол федерацияларының өкілдері сынға қалды

Қазақ тіліндегі қатесіз нұсқаны таңдау кезінде 23 мүше қолдап, 2 мүше қарсы дауыс берген
Ол алты миллион теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденіп, үстінен сыйақы алып келген
Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті
Бұл топ жарған дзюдошыға берілетін ең басты дәреже

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →