×

Сөздерінен тайып жатыр. Әлем чемпионатында жүлдегер болған боксшы қыз оқуға түсе алмай қалды

Биыл министрлік грантты 15 есе азайтып жіберген 

Сөздерінен тайып жатыр. Әлем чемпионатында жүлдегер болған боксшы қыз оқуға түсе алмай қалды
Ашық дереккөздерден

Бокстан Польшаның Кельце қаласында өткен  жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде алған, Азия чемпионы Дана Дидай Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясына оқуға түсе алмай қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде спорт журналисі Аслан Қаженов жазған. Осыдан кейін Qaz365.kz тілшісі боксшының өзіне хабарласып, мән-жайдың анық-қанығын білді.

«Мен өзім Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің түлегімін. Егер білімдеріңді әрі қарай жетілдіріп, академияға түсетін болсаңдар, 16 балдан жоғары алсаңдар жеткілікті деді. Бұл – шектік бал. Менің спорттағы нәтижем жақсы. Сондықтан кешенді тестілеуге дайындалдым. Екі пәннен тест тапсыруымыз керек болған. Мен дайындалып, 23 бал жинадым. Спорттағы балыммен қосқанда 43 болды», - дейді Дана Дидай.

Оның айтуынша, спортшыларға былтыр 600 грант бөлінген. Биыл грант азайып кеткен деп отыр. Яғни 15 есе азайтып, 40 грант ғана бөлді дейді. 

«Мен оқыған Республикалық спорт колледжінен 60 бала тапсырды. Тек бір қыз ғана грантқа ілікті. 600-ден 40-қа деген азайтып тастау деген сұмдық жағдай. Бізге кешенді тестілеуден шекті 16 балмен спорттық нәтижелерін қосқанда грантқа оп-оңай ілігесіңдер деп айтқан. Спорт және туризм академиясын таңдаған едім. Алайда грантқа іліге алмадым. Әйтпесе, басқа университеттерден ұсыныс түскен. Спорт және туризм академиясын таңдауымның себебі бар. Бұл жерде талай даңқты чемпиондар оқыған. Солардың жолын қуғым келді. Сағым сынып отыр. Не анда, не мында жоқпыз», -дейді боксшы қыз.

Ол далада қалғанын айтып отыр. Құжат тапсыруға барған кезде де, қабылдау бөліміндегілер шекті бал және спорттағы жетістіктері арқылы грантқа түсе аласыңдар деген көрінеді. 

«Грант иелерінің тізімі шыққанда хабарласқанымызда, сөздерінен тайып жатыр. Әйтпесе, 200 грант бөлінді деген. Енді келіп, министрлік басқаша шешті дейді. Колледж бітіргендерге осыншалықты грант берілді деген соң, сенімді болғанбыз. Басқа универлерді де сол үшін таңдамадық. Енді тек ақылы оқыңдар деп жатыр. Оқу бағасы 750 мың теңге. Енді мен ары қарай жаттығумды жалғастырам ба әлде ақша табудың амалын іздеймін бе? Екеуінің біреуін таңдау керек болып тұр», - дейді Дана.

Спортшы анасы қайтыс болғанын, өзі егіздің сыңары екенін айтты. Бауыры да ақылы бөлімде оқиды екен.

«Жалғыз әкемізге бір үйден екі баланы ақылы оқыту оңай емес. Сол жағынан қиналып тұрмыз», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әбиба Әбужақынова БАӘ-дегі Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленді
Кеше, 20:24

Әбиба Әбужақынова БАӘ-дегі Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленді

Ол германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді
8-13 қыркүйек күндері Қазақстан астанасында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті
Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →