×

Қазақстан футболшылары Финляндия құрамасын ұтуға дайын екенін айтты

Кездесу 7 қыркүйекте «Астана Аренада» өтеді

Қазақстан футболшылары Финляндия құрамасын ұтуға дайын екенін айтты

Euro2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия ертең Астанада кездеседі. Осы матчтың алдында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев, команданың ойыншылары Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зайнутдинов тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл матч 7 қыркүйек күні елорда уақытымен 20:00-де басталады. Екі құраманың еншісінде де 9 ұпайдан бар, дегенмен финдер қосымша көрсеткіштер бойынша Н тобында бірінші орында тұр, одан кейінгі сатыға Қазақстан жайғасқан.

Ұлттық құрама сапында жарақат алған футболшылар бар. 

– Құраманың оң қапталында мәселе бар екенін білеміз. Габышев жарақат алды, Скворцов әзірге тәжірибесі жоқ. Сондықтан  Еркін Тапаловқа мүмкіндік берілетін болар?
– Габышев жарақат алды. Құрама үшін бұл үлкен соққы. Сол секілді Исламхан да көмектесе алмайды. Кеше Габышевқа операция жасалды. Оған тезірек жазылып, қатарға қосылуын тілейміз.  Бірақ Габышев жарақат алғанша да басқа футболшыны ойнатамын деген жоспарым болған. Тіпті, сау болса да, ертең бірінші минуттан шықпас еді. Нақты кім ойнайтынын ертең көресіздер, – дейді Магомед Адиев.

Ал ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген бәріне дайынбыз деп отыр.

«Біз биылға дейін Данияны да жеңбеген едік. Ал биыл Дания құрамасын жеңдік. Сондықтан ертеңгі матчта Финляндияны ұтуға тырысамыз»,- деді Асхат Тағыберген.

Айта кетейік, Қазақстан – Финляндия матчының барлық билеті сатылып кетті.

Кездесу 7 қыркүйекте «Астана Аренада» өтеді.
Қазақстан құрамасы 4 турдан кейін 9 ұпай жинап, Н тобында екінші орында тұр.
10 қыркүйекте ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →