×

«Алланың қалауы»: Футболшы Асхат Тағыберген жанкүйерлерден кешірім сұрады

Сауал құрама капитанының шымбайына батқан сыңайлы

«Алланың қалауы»: Футболшы Асхат Тағыберген жанкүйерлерден кешірім сұрады
KFF

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Финляндиядан жеңіліп қалған матчтан кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бізге ең мықты команда кездесті деп ойлаймын. Негізі тең ойын еді. Біріншіден, қазақ елінен жеңіліс үшін кешірім сұраймыз. Ары қарай анализ жасап, келесі ойынға дайындаламыз», - деді ол Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында.


«Бүгінгі құрамға байланысты өзгерістер бола ма?» деген сұраққа футболшы «ол менің компетециямда емес» деп бас бапкерге сілтеді.
Тілшіміз футболшыдан «сізді жанкүйерлер бұрыштама добын қатты көтереді, соққыны қатты жасады» деп сынап жатыр, «неліктен?» деп сұрақ қойған. Сауал құрама капитанының шымбайына батқан сыңайлы.
 

«Онда өздері шықсын да ойнасын, көтерсін. Бірде болады, біресе болмайды. Алланың  қалауы ғой. Ертеңнен бастап анализ жасап, бәріне дайындаламыз. Бүгін қолдау тамаша болды. Жеңілсек те, жеңсек те бірге болайық деп жатыр. Иншалла, бірге болайық», - деді сөз соңында Асхат Тағыберген.


Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы бүгін Еуро-2024 аясында өз алаңында Финляндия командасын қабылдады. Тартысты ойында ұлттық құрама 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Қарсыластар тарапынан жеңіс голын 78 минутта Антман салды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

ХІХ жазғы Азия ойындары: Үш дзюдошымыз қола жүлдеге күреседі
Бүгін, 12:52

ХІХ жазғы Азия ойындары: Үш дзюдошымыз қола жүлдеге күреседі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен бүгін үш балуанымыз қола жүлдеге таласатын болды
Абиба Абужақынова дзюдодан 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді
Анасы жарысты теледидардан көрмейтінін, ол уақытта тек тілек тілеп отыратынын айтты
Спортшы жеңілсе де, оның ел қоржынына салған күміс медалінің отандық спорт тарихында маңызы зор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →