Абиба Абужақынова дзюдодан 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан күміс жүлде иеленген Абиба Абужақынова жеңісін жол апатынан қайтыс болған құрбысына арнайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Осы медальді жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана қырқы өткен, соған қатысып осында келдім. Онымен интернатта бірге оқығанбыз”, – деді Абиба Абужақынова.
Еске салсақ, Азиаданың алғашқы күнінде Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.
Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың анасы Гүлзинат Ақберова баласының жетістігіне қуанып, кейінгі жарыстарда одан да жоғары жетістіктерге жететініне сенім білдірді.