×

Азияда: Өзбекстанға Ресейден келген қыз алтын алып берді

Азияда: Өзбекстанға Ресейден келген қыз алтын алып берді
Telegram / OlympicUz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Өзбекстан спортшылары үш алтын үлгерді. Оның екеуі бүгін қоржынға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Академиялық ескек есуден әйелдер арасында Анна Пракатень чемпион атанды. Бір қызығы, бұл спортшы 2017-2022 жылдары Ресей сапында өнер көрсеткен. Негізі Беларусь елінде туған. Кейін Ресейдің сапында Токио Олимпиадасында күміс жүлде алған.

Тағы бір алтын төрт адамдық ескек есуден бұйырды. Шехроз Хакимов, Давржон Давронов, Дилшоджон Худойбердиев және Алишер Турдиев төрттігі үздік шықты.

Кеше дзюдодан 52 келіге дейін салмақта Диёра Келдиёрова топ жарған еді. Қазіргі кезде Өзбекстан құрамасында үш алтын, төрт күміс, үш қола медаль бар

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Адиевпен келісімшарт ұзартыла ма – Федерация президенті жауап берді
21.11.2023ж. 21:13

Адиевпен келісімшарт ұзартыла ма – Федерация президенті жауап берді

ҚФФ президенті жаттықтырушы мен федерация арасындағы келісімшарт жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →