×

Дзюдодан үшінші жүлде бұйырды

Эсмигул Куюлова қола жүлдегер атанды

Дзюдодан үшінші жүлде бұйырды
Сали Сабыров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 63 келіде белдескен Эсмигул Куюлова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Севинч Исокованы қосымша уақытта жеңіп, Азия ойындарының қоласын еншіледі.

Бұған дейін Эсмигул бірінші белдесуінде моңғолиялық балуанды жарыстан шығарған. Одан кейін кореялық спортшыға есе жіберді. Атыраулық спортшы Азиаданың жұбаныш белдесуінде Киоми Ватанабені (Филиппин) 13 секундта иппонмен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан дзюдодан әзірге бір күміс, екі қолаға ие болды. Атап айтсақ, Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шамшадин (60 келі) қола медаль еншілеген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Бүгін, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →