×

Азиадада шахматшы қыздар Асаубаева мен Әбдімәлік жеңіске жетті

Азиадада шахматшы қыздар Асаубаева мен Әбдімәлік жеңіске жетті
Qaz365.kz коллажы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында шахматшы қыздар алғашқы бәсекелерін сәтті өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін шахматтан үшінші тур ойындары өтті. Блиц-шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзбек қызы Умида Омонованы жеңсе, Жансая Әбдімәлік Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысы Роуда Алалиді жеңді. 

Ал ерлер бәсекесінде Ринат Жұмабаев жапон Шиниа Кожиманы ұтты.  Сонымен қатар Қазыбек Нөгербек ирандық Пархам Махсоудлумен тең түсті.

Кеше Жансая Әбдумәлік Қатар спортшысын жеңсе,  Бибісара моңғол шахматшысымен тең түсті. 

Ал Ринат Жұмабаев өзбекке есе жіберді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Qaz365.kz командасы Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнирде топ жарды
Кеше, 14:34

Qaz365.kz командасы Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнирде топ жарды

Республикалық деңгейдегі жарыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды
ҚФФ президенті жаттықтырушы мен федерация арасындағы келісімшарт жайлы айтты
Бүгін ұлттық құрама ойыншылары елге оралды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →