Әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегері Карина Ибрагимова жартылай финалда жеңіске жетті
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында боксшы Карина Ибрагимова финалға өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бокстан 57 келідегі әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегері Карина Ибрагимова жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Мижгона Самадовамен жұдырықтасты. Аса тартысты өткен жекпе-жекте отандасымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Финалда Карина әлем чемпионатының ек дүркін чемпионы Ю Тин Лимен (Тайпей) айқасады.
Ол бұған дейін ширек финалда моңғол спортшысы Намуун Монхордан 5:0 есебімен түскен болатын. Сөйтіп, Олмппиадаға жолдама алған еді.
Еске сала кетейік, биыл көктемде Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан кейіү Карина Ибрагимова тек қазақша сұхбат беретінін айтқан болатын.
«Бас бапкер Шамиль аға сұхбатты қазақ тілінде беріңдер деп айтты», -дейді Карина Ибрагимова.
Ол қазақ тілінің орны бөлек. Қазақша жақсы білемін, түсінемін, құрметім ерекше деген еді.
«Мектептегі, спорттағы достарым қазақтар болғандықтан, кішкентайымнан қазақ тілі жаныма жақын. Үйде әкем де аздап қазақша сөйлейді. Алдағы уақытта қазақ тілін әлде де жан-жақты меңгергім келеді. Басында сөйлеуге ұялатынмын. Қазір осы жағын қолға алып, сөйлеп, қазақ тілінде сұхбат беріп жатырмын», - дейді боксшы.
Оның әкесі татар, анасы орыс.