Жоламан Шаршенбеков грек-рим чемпион атанды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен 60 келіде Жоламан Шаршенбеков чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлем чемпионы алдымен тәжік Асламжон Азизовты жеңді. Сосын Өзбекстан және Оңтүстік Корея балуандарынан басым түсті. Финалда жапониялық Аята Сузукидің жауырынын жер иіскетті.
Жоламан 10 күн бұрын Сербия астанасы Белградта әлем чемпионы атанған. Ол кезде финалда тағы бір жапон Кэнъитиро Фумитаның осал тұсын тапқан.
Көктемде Азия чемпионатының жартылай финалында да жапон Маито Каванды жеңген.
Бүгін қырғыздар екі алтын жеңіп алды. Жоламан Шаршенбековтен бөлек, 77 келідегі Ақжол Махмұдов та топ жарды.