×

Көзі 70 пайызға көрмей, ота жасатқан балуан  Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады

Финалда қазақ балуаны жапониялық Кацуаки Эндомен күрескен

Көзі 70 пайызға көрмей, ота жасатқан балуан  Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады
Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарын екінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол  67 келіге дейін салмақта күресті. Финалда жапониялық Кацуаки Эндомен күрескен. Тартысты өткен белдесуде жапон балуаны 4:3 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, Мейіржан Шермаханбет финалға дейін Таиланд, Қытай балуандарын жеңді. Ал жартылай финалда Ираннан келген Саед Сохрабимен белдесті.

Отандасымыз 2:9 есебімен жеңіліп жатып, қарсыласының қос жауырынын жерге тигізді. 

Бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) бесінші орынға тұрақтаған болатын.

Айта кетейік,Мейіржан Шермаханбет былтыр Үндістанның Дели қаласында ота жасатқан еді. Оған командамен баскетбол ойнап жүргенде көзіне байқаусызда басқа ойыншының қолы кіріп кеткен. Осының салдарынан, спортшының көзінің көруі нашарлаған. 

Тіпті, 70 пайызға дейін көрмей қалған. Отаның арқасында жағдайы қазір қалыпқа келген.

Мейіржан Шермаханбет 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →