Әлемнің екі дүркін чемпионы Ти Лин бірінші минуттан-ақ басымдықпен бастап, жеңіске лайық екенін дәлелдеп бақты
Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына 14-ші күмісті боксшы Карина Ибрагимова салды. Ол финалда жынысын ауыстырып, қыздармен жұдырықтасып жүрген тайбейлік боксшымен кездескен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Оның соққысы қыздардан басқа, сезіледі» дейді Карина.
Еске сала кетейік, жекпе-жек алдындағы болжам бойынша, 57 келіге дейінгі салмақта фаворит ретінде Каринаның қарсыласы танылған. Әлемнің екі дүркін чемпионы Ти Лин бірінші минуттан-ақ басымдықпен бастап, жеңіске лайық екенін дәлелдеп бақты. Карина қарсыласынан 5:0 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, Карина ел қоржынына Азия ойындарының 14-ші күміс медалін салды.
Жекпе-жектен кейін сұраққа жауап берген Карина жеңілсе де, бастысы Париж олимпиадасына жолдама барына шүкірлік етеді.
«Аллаға шүкір, ең бастысы, олимпиадаға лицензия бар. Күміс жүлде бар. Бәрі жақсы. Қуаныштымын, бірақ алтынға кішкене жетпей қалдық», - дейді боксшы.
«Қарсыласыңыз жынысын ауыстырған спортшы екен. Сізге ауыр болған жоқ па?» деген сұраққа спортшы былай жауап берді.
«Мен онымен үш рет кездестім. Бір рет жеңіліп, екі рет жеңгенмін. Соңғы рет әлем чемпионатында жартылай финалда кездестім, жеңіске жеттім. Оны сол кезде шеттеткен. Бірақ кішкене бүгін сәл жетпей қалды. Барымды салдым. Қолымнан келгенді істедім. Әлбетте, оның соққылары, жылдамдығы, техникасы сезіледі. Қыздардан басқа».
«Оған қарсы тұру үшін сізге ерлермен дайындалу керек пе?» деген сұраққа Карина «білмеймін, бапкерлер біледі, жеңуге болады» деп күле жауап берді.