×

Қамшыбек Баходирмен жекпе-жектен кейін бас бапкер өзіне не дегенін айтты

Боксшы Баходир Жалолов өткізген бұрынғы жекпе-жектерді қарап шыққанын айтады

Қамшыбек Баходирмен жекпе-жектен кейін бас бапкер өзіне не дегенін айтты

Азия ойындарында өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен кездесіп, жеңілгеннен кейін қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазақ еліне алтын медаль сыйласам деген үлкен үміт болды. Пәлен-түген демеймізз енді. Болар іс болды, мойымаймыз. Құдай қаласа, бір басымыз екі бас жоғары болып, Парижде алтын медаль сыйлауға Алла тағала нәсіп етсін. Құдай қаласа, сол жолда еңбек етеміз», - дейді Қамшыбек Қоңқабаев.

Боксшы жекпе-жектен кейін «негізі былай болды» деу еркектікке жатпайтынын, төреші қолды көтермегенін, сәтін салса келесі жолы бар күшін салатынын, айқын жеңіске күш салатынын» айтты. «Шыныңызды айтыңызшы, бүгінгі жекпе-жекке көңіліңіз тола ма?» деген сұраққа боксшы былай жауап берді.

«Бұдан да жақсы өнер көрсетуге болады, әрине. Жекпе-жек жеңген кезде ғана ұнайды. Оны әрбір спортшы біледі. Алла қаласа жеңем! Сол кезде жекпе-жек маған ұнайтын болады».

Журналистердің бірі «жекпе-жек біткен кезде Мырзағали Айтжанов сізге не деді?» деп сұрады. Қамшыбек Қоңқабаев бас бапкердің «барлығы жақсы, лайықты жұдырықтастың, жеңілген жоқсың» деп айтқанын еске алады.
 

«Қолды көтерген жоқ қой, не болса да. Бәлен-түген демейін. Іспен дәлелдеуге бар күш-жігерімді салам», - дейді ол.
 

Боксшы Баходир Жалолов өткізген бұрынғы жекпе-жектерді қарап шыққанын айтады. Кейінгі жекте-жектерге бұдан да зор күш-жігерін салуға уәде береді.
Еске сала кетейік, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокс бәсекесі аяқталды. Аса ауыр салмақта (92 келідегі жоғары) финалда өзбек алыбы Баходир Жалолов пен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев кездесті. Бұл жолы Жалоловтың бағы жанды.
Екі боксшы осыған дейін 9 рет жолыққан.
2019 жылға дейін Қоңқабаев 3:1  есебімен алда тұрған. Одан кейін жерлесіміз осымен қатарынан жетінші рет ұтылды. https://qaz365.kz/sport/4674-kamshybek-konk-abaev-pen-karina-ibragima-kumis-medal-aldy/

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Бүгін, 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →